Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника және 524 адам жұмылдырылды
2-4 қаңтар аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақмола облысында 1 учаске
Жетісу облысында 1 учаске
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника және 524 адам жұмылдырылды.
ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.