Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметі 56 мыңнан аса шақыртуға қызмет көрсетті
Жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1,5 мыңнан аса ЖМК бригадасы жұмыс істейді
Өткен жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мың болса, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті, деп хабарады Halyq Uni тілшісі.
Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында 5800, Алматы облысында 5 мыңнан астам, Түркістан облысында 460-тан астам және Астана қаласында 4 мыңнан астам шақырту, Шымкент қаласында 3 мыңнан астам шақырту болды.
Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді.
150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі.
Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.
МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады.