Декларацияны онлайн және қағаз жүзінде тапсыруға болады
Биыл Қазақстандағы барлық жеке кәсіпкерлер, ЖШС-ның бірінші басшылары, директорлар және олардың жұбайлары кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады, деп хабарлайды Halyq uni.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті декларацияны кәсіпкерлер - заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруға тиіс. Табыс мөлшері мен бизнестің ауқымы маңызды емес, үйде жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін кондитерден бастап зауыт иесіне дейін декларация тапсыруға міндеттеледі.
250 нысандағы форма дегеніміз не?
Кәсіпкер бірінші жылы 250-нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады, басқаша айтсақ ол «кіріс декларациясы» деп аталады. Онда декларациялау сәтіндегі барлық жинақталған мүлік пен ақша көрсетіледі (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша). Бұл форма ол адамның жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет тапсырылады.
Ал келесі жылдары кәсіпкер 270-нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырып, онда бір жыл ішінде тапқан және алған табысын көрсетіп отырады. Бұл адамның бастапқы декларациясында не болғанын және кейін не пайда болғанын көру үшін жасалады.
Декларацияны кімдер тапсырады?
Жұмыс істеп тұрған жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және жеке кәсіпкерлік (ЖК) басшыларынан басқа, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды жұмысы уақытша тоқтатылған ЖК және ЖШС басшылары да беруге тиіс. Себебі олар мемлекет үшін тіркелген болып саналады. 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмысын тоқтатқан ЖК немесе ЖШС биыл декларация тапсырмайды. Алайда, олар декларацияныс 2025 жылы жеке тұлға ретінде, келесі жылы еліміздің барлық кәмелетке толған азаматы декларация тапсыруға міндеттеледі. Айта кетейік, декларацияда кәсіпкерлер жеке активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты заңды емес, жеке тұлғалар ретінде толтырады. Егер ЖК 2024 жылы ашылатын болса, онда бұл жылы 250 нысанын тапсырудың қажеті болмайды.
Кәсіпкерлермен қоса, олардың жұбайлары да Қазақстанның резиденті болмаса да, өз кірістерін декларациялауға тиіс. Бұл бұрынғы ерлі-зайыптыларға да қатысты. Мысалы, егер 2024 жылдың қаңтарында кәсіпкер әйелімен ажырасса , онда екеуі де активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы керек, өйткені 2023 жылы неке әлі тіркелген. Осындай әдістермен салық өз кірістерін жасыру және салық төлеуге міндеттеу үшін жалған некені бұзуды тоқтатуды көздейді.
Декларацияда нені көрсету керек?
250-нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстаннан тыс жерде тіркелген барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік көрсетіледі:
Сонымен қатар Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік гараждар, жер учаскелері, саяжайлар, үйлер, тіркемелер, машиналар — бұл декларацияда көрсетілмейді, өйткені бұл мәліметтер уәкілетті органдарда бар, оларды мемлекет көріп отыр.
Декларацияда Қазақстандағы банктік шоттар да көрсетілмейді, өйткені мемлекетте ол туралы біледі және оны тек шетелдік шоттар ғана қызықтырады. Сонымен қатар, егер шетелдік банктегі шоттағы сома 1000 АЕК-тен асатын болса, бұл декларацияда көрсетілуі керек, егер сома 1000 АЕК-тен аз болса көрсетпеуге болады.
Сонымен қатар Қазақстанда, сондай-ақ шет мемлекеттерде келесі көрсетілген мүліктер декларациялауға жатады:
Декларация қалай тапсырады?
Декларацияны онлайн және қағаз жүзінде тапсыруға болады. Онлайн egov.kz порталы және E-saluq azamat мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады. Сайттың ыңғайлы нұсқасын таңдап, тиісті бөлімге өтіп, содан кейін нұсқауларды орындау қажет, ал қол қою ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы жүзеге асырылады. Ал қағаз жүзінде тапсыру үшін азамат өзі тұратын елді мекендегі Мемлекеттік кірістер органына немесе Халыққа қызмет көрсету ұйымына келіп тапсыра алады, онда кеңесшілер құжатты толтыруға көмектеседі. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, медиатор, адвокат) орналасқан жері бойынша декларация тапсырады.
Декларацияны қашан тапсырады?
Декларацияны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсыруға болады. Заңда оның мерзімі бекітілген: 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Егер кәсіпкер декларацияны тапсырып, алайда қандай да бір мүлікті көрсетуді ұмытып кетсе, ол қосымша декларацияны тапсыра алады. Себебі келесі үш жыл ішінде өзгерістер енгізуге болады.
Декларацияны тапсырмаса не болады?
Декларацияны белгіленген мерзімде тапсырмаса немесе барлық деректерді толық ұсынбаған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет ескерту беріледі, екінші рет қайталанса, 15 АЕ мөлшерінде айыппұл, ал толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер кәсіпкер салық салу объектілерін жасырса, онда ол салық сомасының 200% мөлшерінде және қайта бұзылған жағдайда 300% мөлшерінде айыппұл төлейді, сонымен қатар салықтың өзін төлейді.
Бұған қоса, кәсіпкер шетелдегі мүлікі мен банктегі шоттардағы ақшасы туралы Бір жыл ішінде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда 200 АЕК айыппұл төлейді. Айта кетейік, 2014 жылы Қазақстан Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы Страсбург конвенциясына қосылды. Бұл дегеніміз, мемлекет басқа қатысушы елдермен резиденттердің қаржылық шоттары мен есептілігі туралы ақпарат алмасады. Осылайша, салық органдары жеке тұлғада ҚР шегінен тыс мүліктің болуы туралы жасырын мәліметтерді анықтайды. Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұл салынбайды. Бақылау 2025 жылы халықтың барлық санаттары жалпыға бірдей Декларациямен қамтылған кезде басталады. 2024 жылы бақылау әлі жүргізілмейді, тиісінше айыппұл салынбайды.