Жағдай тұрақталды: Астанадан 1 қаңтарға дейін 105 рейс ұшуға тиіс
Алайда ауа райы бірден өзгеруі мүмкін
Астана халықаралық әуежайының әуеайлағында ұшуға қолайлы ауа райы орнады. Қазір әуеайлақта желдің жылдамдығы – 5 м/с, тығыздалған қар, ауа температурасы – 4. Бұл туралы бүгін Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір әуежайдағы ұшу-қону кестесі тұрақталып келеді. Түнгі 00:01-ден қазіргі сәтке дейін әуежай 29 әуе рейсін қабылдаса, 41 рейс ұшып кетті.
Олардың арасында 30 желтоқсан күні ұшуы қажет болған мына бағыттағы рейстер бар:
- KC7377 Астана-Ақтау;
- IQ399 Астана-Ақтөбе;
- IQ367 Астана-Қостанай;
- DV744 Астана-Алматы;
- KC957 Астана-Алматы;
- SU 1963 Астана-Мәскеу;
- DV741 Астана-Ақтау;
- DV736 Астана-Шымкент.
31 желтоқсандағы 13 рейс алдын ала кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайынан 1 қаңтарға дейін 105 рейс ұшады және 101 рейс қонады деп жоспарланған.
Қазір біздің әуеайлақта ұшып-қону үшін қолайлы ауа райы орнады. Алайда ауа райы бірден өзгеруі мүмкін. Әуеайлақта қазір 21 техника жұмыс істеп жатыр. Ұшу-қону жолағын қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Елорда әуежайының қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр.
Біз қазақстандықтардың жаңа жылды жақындарының жанында қарсы алғанын қалаймыз. Сондықтан қолайлы ауа райын пайдаланып, кешегі кешіккен рейстерді бүгін толықтай орындауға бар күшімізді салып жатырмыз», - деді Terminals Astana Airport Management LLP бас директоры Юсуф Альжаудер.
Айта кетсек, кеше елорда әуежайындағы жолаушыларға 3 590 порциядан астам ыстық тамақ пен ыстық және салқын сусын таратылып, күту залында мерекелік көңіл-күй орнаған болатын. Мерекелік отмасфера бүгін де жалғасын табады.