Бес облыста тасжолдардағы жол қозғалысы шектелді
Қарағанды облысының жолдарында қалған 3 459 адамның 129-ы – балалар
Бүгін 5 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысында – 1 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» – 1 292-1 353 шақырым. Жібек жолы ААП-Қарағанды облысының шекарасы – 61 шақырым.
Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске:
- «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» – 105-123 шақырым. Шемонайха қаласы-РФ шекарасына дейін – 18 шақырым.
Қарағанды облысында – 5 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» – 1 353-1 426 шақырым. Ақмола облысының шекарасы-Теміртау ААП – 73 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» – 1 505-1 854 шақырым. Новостройка ауданы-Балқаш қаласына дейін – 349 шақырым.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 104-266 шақырым. Нұра кенті-Теміртау қаласына дейін – 162 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» – 1445-1459 шақырым. Теміртау қаласы-Қарағанды қаласына дейін – 14 шақырым.
- «Бастау-Ақтау-Теміртау» – 0-53 шақырым, Бастау ауданы-Теміртау қаласына дейін – 53 шақырым.
Қостанай облысында – 1 учаске:
- «Жезқазған-Петропавл» – 252-335 шақырым. Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласына дейін – 83 шақырым.
Ұлытау облысында – 2 учаске:
- «Жезқазған-Петропавл» – 64-137 шақырым. Жезді кенті-Ұлытау ауданына дейін – 73 шақырым.
- «Жезқазған-Петропавл» – 137-252 шақырым. Ұлытау аауданы- Қостанай облысының шекарасы – 115 шақырым.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 техника және 754 адам жұмылдырылды.
31 желтоқсанда таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысының жолдарында 1 359 көлік тұрып қалған. Жолда қалған 3 459 адамның 129-ы – балалар.