Өлекселерден экологтар сынама алды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің маңынан табылған 30 аққудың өлімі себебін атады.
Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу кезінде аққулардың өлексесін тапқан болатын. 23-24 желтоқсанда көл маңынан тағы бірнеше құстың өлексесі табылды.
Аққулардың бұлай қырылуының себебін анықтау үшін экологтар сынама алды.
Ветеринариялық іс-шаралардың қорытындысы бойынша өлген құстардың өлекселерінен алынған сынамалардан құс тұмауының вирусы анықталды. Қазір Қаракөл көліндегі жағдай тұрақты. Мемлекеттік инспекторлар қорық аумағын бақылауда, - делінген хабарламада.