Еліміздің 6 облысында жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Тасжолдарда 500-ге жуық жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Ая Өміртай
30.12.2023 | 13:37
6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
- Ақмола облысында – 5 учаске
- Жамбыл облысында – 1 учаске
- Жетісу облысында – 1 учаске
- Қарағанды облысында – 6 учаске
- Павлодар облысында – 1 учаске
- Ұлытау облысында – 1 учаске
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 252 техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.