Жаңа жылдан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады
1 қаңтардан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Министрлік қысқа аралықта құрылып, жұмыс істегеніне қарамастан, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Нормативтік база Су кодексінің жобасы әзірленді. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Бұл:
- суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемін 2,2 млн га дейін ұлғайтуға;
- су үнемдеу технологияларының үлесін 40%-ға дейін арттыруға;
- суару кезінде су ысырабын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
ҚР-ның су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Оны іске асыру: еліміздің су ресурстары көлемін 3,7 текше шақырым арттыруға; суару барысында су ысырабын азайтуға және оның көлемін 3 текше шақырым арттыруға; 55 мыңнан астам халқы бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге; еліміздің көршілес елдерден су жеткізу бойынша тәуелділігін 25% азайтуға мүмкіндік береді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі.
Ресурстық база және инфрақұрылым 2024-2026 жылдары ел бойынша 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау және 15 су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланған. Суару жүйелерінің тозуы мәселелерін шешу үшін ұзындығы 3500 шақырым болатын 339 канал күрделі жөндеуден өтті. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады.
Көрші мемлекеттермен су қауіпсіздігі бойынша келіссөздер белсенді жүргізілді. 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Сырдария өзеніне 11,1 текше шақырым су келеді, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 487 млн текше метр су алынады деп күтіледі.
Қырғызстанмен Жамбыл облысына су беру жөнінде келісім жасалды. Келіссөздер нәтижесінде Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.
Қытаймен 20-дан астам өзен, оның ішінде Ертіс, Іле, Емел өзендері бойынша келіссөздер жүріп жатыр.