Halyq Uni логотип
×

Биыл Ұлттық​ ұлан сарбаздары қанша қылмыстың бетін ашты?

Олар түрмеге тыйым салынған затты өткізбек болғандарды да ұстаған

 Дәурен Ерболат 29.12.2023 | 17:17
Биыл Ұлттық​ ұлан сарбаздары қанша қылмыстың бетін ашты?
Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты сарбаздар бір жылда 500-ге жуық тәртіпсіздіктің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Атабек Салықбаев бүгінде сарбаздар​ синтетикалық есірткіні тасымалдаушылармен белсенді күресіп жатқанын жеткізді.

Сондықтан мерзімді ​әскери қызметтегі сарбаздар жағдайды жіті бақылауда ұстап, Отан алдындағы борышын адал атқарып жатыр. Сондай-ақ олар қылмыстың ізін суытпай ашуға өз үлесін қосуда. Өскемендіктер сарбаздарға алғыс айтады, - деді полковник.

Сондай-ақ Ұлттық ұлан сарбаздары қала тыныштығын қамтамасыз етіп қана қоймай, Шығыс Қазақстандағы түзеу мекемелерін де күзетеді.

2023 жылы олар түрмеге тыйым салынған затты лақтырмақ болған 100-ден аса күдіктіні ұстаған.

Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери борышығын өтеуге келген 80-ге жуық сарбаз келісімшарт бойынша қызметке тұрған.​ Бұл былтырмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама