Ол 28 күннен бері іздеуде жүр
Қарағанды облысының полиция департаменті тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеевке іздеу жарияланды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы «Қылмыстық іздеу» деректер базасында оның аты-жөні жазылған карточка пайда болды. Ақпарат парағында Құлкеев 28 күннен бері іздестіріліп жатыр.
Бұған дейін Қарағанды облысының полициясы Құлкеев пен тергеуші Қанатов қылмыстық іс бойынша майнинг жабдықтарын ұрлау және өкілеттіктерін теріс пайдалану ісі бойынша күдікті деп танылған болатын.
Облыстық полиция басшылығы Құлкеев тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне келмесе, оған іздеу жарияланатынын атап өтті.