Еліміздің 8 облысында автожолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Динара Амантай

Қазір 407 техника жұмыс істеп жатыр

Фото: видеодан скриншот

8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  • Ақмола облысында – 14 учаске;
  • Жамбыл облысында – 1 учаске;
  • Жетісу облысында – 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 3 учаске;
  • Қостанай облысында – 5 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске;
  • Түркістан облысында – 1 учаске;
  • Ұлытау облысында – 1 учаске.

Көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 407 техника жұмыс істеп жатыр.