Украинаның барлық аумағында дабыл қағылып жатыр
Қазір елдің энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы үдеген
Киевті қоса алғанда, Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды, деп хабарлады елдің Цифрлық трансформация министрлігі.
Дабыл Украинаның Николаев, Одесса, Закарпа және Ивано-Франковск облысында қағылды. Сонымен қатар, Запорожье облысының Киев бақылауындағы аудандарында дабыл жарияланды.
Айта кетсек, Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында болған Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастаған еді. Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр.
Қазір Украинаның барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.