Halyq Uni логотип
×

Бес облыстағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Халық үні 28.12.2023 | 22:33
Бес облыстағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
фото: el.kz

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды QazAvtoJol баспасөз қызметі.   

Ақмола облысында – 8 учаске

1.«Щучинск-Зеренді» автожолында 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді ауылына дейін - 77 км.

2.«Көкшетау-Атбасар» автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін – 137 км.

3.«Астана-Петропавловск» автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қаласына дейін («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.

4.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек жолы ақы алу пунктінен - Қарағанды обласының шекарасына дейін – 61 км.

5.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 856-915 км, СҚО шекарасынан - Жақсы ауылына дейін – 59 км.

6.«Көкшетау-Рузаевка» автожолында 0-61 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 61 км.

7.«Көкшетау-Омск» автожолында 14-50 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 36 км.

8.«Астана-Петропавловск» автожолында 304-341 км, Көкшетау қ. - СҚО шекарасына дейін – 37 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

(СҚО ауа райының нашарлауына байланысты)

Жетісу облысында – 1 учаске

«Үшарал-Достық» автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

(жаңбыр, ауа-температурасының төмендеуі)

Қарағанды облысында – 1 учаске

1.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

(нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ)

Қостанай облысында – 2 учаске

1.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 683-729 км, Сарыкөл ауылынан - СҚО шекарасына дейін – 46 км.

2.«Мамлютка-Қостанай» автожолында 180-250 км, СҚО шекарасынан -

Ұзынкөл ауылына дейін – 70 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

(СҚО ауа-райының қолайсыздығына байланысты)

Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске

1.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 729-856 км, Қостанай облысының шекарасынан - Ақмола облысының шекарасына дейін – 127 км.

2.«Челябинск-Новосибирск» автожолында 465-655 км, РФ шекарасынан - РФ шекарасына дейін – 190 км.

3.«Астана-Петропавловск» автожолында 341-473 км, Ақмола облысының шекарасынан - Бескөл ауылына дейін – 154 км.

4.«Петропавловск-Соколовка- РФ шек.» автожолында 11-72 км, Петропавл қ. - РФ шекарасына дейін – 61 км.

5.«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» автожолында 50-280 км Ақмола облысының шекарасынан – РФ шекарасына дейін – 230 км.

6.«Жезқазған-Петропавловск» автожолында 595-946 км, Ақмола облысының шекарасынан - Бескөл ауылына дейін – 351 км.

7.«Мамлютка-Қостанай» автожолында 0 -180 км, Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасына дейін – 180 км.

8.«Көкшетау-Рузаевка» автожолында 61-196 км, Ақмола облысының шекарасынан - Рузаевка ауылына дейін – 135 км.

9. «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 км, Саумаукөл ауылынан - Мемориалдық кешенге дейін – 24 км.

10.«Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» автожолында 0-30 км, Петерфельд ауылынан - А-16 автожолына дейін – 30 км.

11.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское»

автожолында 0-228 км, Булаево қ. - Рощинское ауылына дейін – 228 км.

12.«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолында 0-86 км, Рощинское ауылынан - Волошинка ауылына дейін – 86 км.

13.«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолында 0-119 км, Волошинка ауылынан - Тимирязево ауылына дейін – 119 км.

14.«Тимирязево-Сарыколь-граница области» автожолында 0-31 км, Тимирязево ауылынан - облыс шекарасына дейін – 31 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

(жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел, шектеулі көрініс)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 292 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама