×

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Бір сағаттың құны – 100 теңге.

 Динара Амантай 28.12.2023 | 16:05
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді.

Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.

Түрксіб ауданында – 1 аймақ, 305 орын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.

Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар.

Наурызбай ауданының – 1 аймағында 75 орын бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейді.

11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы автотұрақтар іске қосылды.

Олардың жұмыс уақыты 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны – 100 теңге.

Бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, «Алматыпаркинг» КМК мобильдік кешендерде (арнайы авто) жүргізіледі. Ыңғайлы болу үшін «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама