Кітап 100 данамен шықты
Еліміздің ұлттық мәдени мұрасын насихаттау үшін Қазақстанның Сербиядағы елшілігі қазақ ертегілерін серб тіліне аударды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Енді серб балалары Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулығы және тағы басқа қазақ ертегілерін өз ана тілінде оқи алады. Кітаптың тұсаукесері Белград қаласындағы балалар кітапханасында өтті.
Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов балаларды кітаппен таныстырып, Қазақстан туралы қызықты фактілерді айтып, кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Сондай-ақ жаңа кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілері оқылды.
Алдағы уақытта серб тіліне аударылған казақ ертегілері жинағының 100 данасы Сербиядағы кітапханалар мен мектептерге ұсынылады.