×

Түркия тағы да Швецияның НАТО-ға қабылдануын қолдады

Бұған дейін Скандинавия еліне бірнеше талап қойылған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2023 | 12:00
Фото: ostwest.tv

Түркия Парламентінің сыртқы істер комиссиясы Швецияның НАТО-ға мүше болу өтінішін мақұлдады. Енді Түркия Парламентінің Бас Ассамблеясы Скандинавия мемлекетінің Солтүстік Альянсқа қабылдануы үшін тағы да  дауыс беруі керек. Қазір осы мәселеге байланысты заң жобасы Анадолы елінің заң шығару органына жіберілді. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Түркия Парламенті сыртқы істер комитетінің басшысы Фуат Октай Швецияның НАТО-ға мүше болу өтініші бойынша жылдам дауыс беруді күтпеу керектігін ескерткен. Ол дауыс беру күнін Парламент Бас ассамблеясының төрағасы анықтайтынын айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркия Парламентінің депутаты Девлет Бахчели өз елінің Швеция мен Финляндияға қойған талаптарын орындамаса, Солтүстік Альянстан шығуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ол Түркияның Скандинавия елдеріне НАТО-ға қосылу үшін бірқатар талап қойғанын атап өтті.

Саясаткер Солтүстік Альянсты Түркияға құрметсіздік көрсетті деп айыптап, түркі және ислам елдеріне НАТО-дан бөлек қауіпсіздік ұйымын құруды ұсынды. Бірақ оның ұсынысы сөз жүзінде ғана қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама