ІІМ құқық қорғаушы Дина Таңсәріге іздеу жариялады

Халық үні

Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген

фото: tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады, деп хабарлады Halyq Uni. 

Іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.

Онда Динара Ботақызы Смайыловаға (құқық қорғаушының шын аты) 27 желтоқсаннан бастап іздеу жарияланатыны айтылады. 

Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Күдіктіні іздеумен Өскемен қалалық полиция басқармасы айналысып жатыр. 

Бұған дейін БАҚ-та Дина Таңсәріге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.