Ғалым - Баум тоғайындағы ағаштарды кесу 2021 жылғы санитарлық жоспар бойынша жүруде
Ең қауіпті зиянкестер әлсіз өсімдіктерге қонып, емен мен үйеңкіні, теректі, өрікті біртіндеп шірітеді
«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК аға ғылыми қызметкері Светлана Набиева Баум тоғайында жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлады Halyq Uni.
2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері 20 экспедициялық сапар жасады, оның барысында «Баум тоғайы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағы зерттелді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерден басқа балдырлардың 46 түрі, зиянкестердің 15 түрі (еменде, қарағашта, теректе өрмекші кенелердің, талдың бойында зиянды жәндіктердің, және т.б. бар екені анықталды), сондай-ақ ағаштарға зиян келтіретіндердің 60 түрі, олардың көпшілігі патогенді және паразиттік болып табылады, ауруларды тудырады және сайып келгенде ағаштар жояды. Ең қауіпті зиянкестер әлсіз өсімдіктерге қонып, емен мен үйеңкіні, теректі, өрікті біртіндеп шірітеді.
Баум тоғайындағы жарамсыз ағаштардың арасында ықтимал қауіпті ағаштар бар – олар желдің әсерінен кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін. Ауруға ұшыраған ағаштар шіриді әрі кеуіп кетеді. Шекті жасына жеткен ағаштар да апатты болады. Баум тоғайы тірі организм іспетті, оеың да жетілуі, қартаю кезеңі болатынын атап өткім келеді. Егер өткен ғасырдың сонау 60-70 жылдарында отырғызылған қарағаштар, күміс үйеңкілер, басқа да ағаш түрлері қазіргі кезде шекті жастарына жетті. Тіпті олар біртіндеп жарамсыз болуда, - деп түсіндірді Светлана Набиева.
Сөзінің соңын қорытындылаған сарапшы Баум тоғайын сақтау мәселесіне ұлттық саябақтар мен қорықтардағы табиғатты қорғау тұрғысынан қарауға болмайтынын атап өтті. Өйткені, тоғай ең алдымен қалалық инфрақұрылым объектісі, демек ол үнемі назар аударуды, күтімді және дамуды қажет етеді.