Елімізде шетелден жүк тасымалдайтын көліктердің саны 2 мыңға ұлғайды
Бір жылда 7 млн тонна жүк тасымалданған
Қазақстанда шетелден жүк тасымалдайтын көліктердің саны 2 мыңға артты, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство халықаралық жүк тасымалы бойынша оң өсім байқалғанын атап өтті.
Экспорттық/импорттық жүктердің жалпы көлемі 22%-ға артып, 7 млн тонна болды. Транзиттік тасымалдар көлемі 44%-ға өсіп, 3,6 млн тоннаға жетті.
Министрлік жүк тасымалдайтын қазақстандық операторлардың жұмысына оң серпін беретін нормативтік құжаттарды қабылдаған.
Нәтижесінде отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымалдағы үлесі 47%-ға жетті. Осылайша, шетелден жүк тасымалдайтын көліктердің саны 2 мыңға артқан. Барлығы – 9 мың көлік. Бұл шаралар қосымша жұмыс орындарын ашуға, отандық тасымалдаушылардың табысын арттыруға мүмкіндік берді, - деп жазылған хабарламада.