×

Алматыда президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Мерекелік шараға 300-ден астам бала қатысты

 Динара Амантай 27.12.2023 | 15:51
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралауда» дәстүрлі президент шыршасы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекеге 300-ден астам бала, оның ішінде жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар шақырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шырша қонақтарын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтап, балаларға зор денсаулық, табыс және жаңа жылда барлық ниет- армандарының орындалуын тіледі.

Концерттік бағдарлама «Жаңа жылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі болды. Спектакльдің ажырамас бөлігі Еркеш Хасеннің оырндауында «Жаңа жыл» әнінің орындалуы мен балалардың шыршаны айналып, осы әнді айтулары арқылы шыршаның жағылуы, Аяз Ата мен Ақшақардың, 2024 жылдың символы – айдаһар, танымал мультфильмдер мен аниматорлар кейіпкерлері болды.

Айта кетерлігі, биыл шыршаның төменгі бөлігіне ойыншықтар ілінбеді, балалар өздері оны безендіруге қатысып, «жасыл шыршаға» жаңа жылдық ойыншықтарды ілді.

Іс-шара соңында барлық қонақтар Қазақстан Республикасы президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама