Прокуратураның шараларымен анықталған бұзушылықтар жойылды
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен атқарушылық іс жүргізу бағыты бойынша мемлекет кірісіне 590 млн тенгеден астам бюджет өндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жарқайың ауданының прокуратурасы мемлекеттік сот орындаушысының ЖШС-нен мемлекет кірісіне 900 млн теңгеден астам мемлекеттік баж салығын өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізіп жатқанын анықтады.
Бұл іс бойынша МСО заңда көзделген, уақтылы орындауға бағытталған шараларды қолданбаған. Атап айтқанда, ЖШС мүлкін сатудан түскен қаражат орындаушының шотынан мемлекет кірісіне аударылмады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жарқайың ауданы прокуратурасының шараларымен анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекет кірісіне 300 млн теңгеден астам қарыз өндірілді.