×

Қостанай облысының әкімі Торғай халқымен кездеседі

Облысты қайта ашу мәселесі қаралады

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2022 | 14:21
фото: inbusiness.kz

25 мамыр күні Арқалық қаласында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындармен кездеседі.

Бұл туралы Торғай облысының ашылуына мүдделі ынталы топтың мүшесі Амандық Әмірхамзин айтты.

Кездесу Қазақ жасөспірімдер театрында сағат 15.00-де басталады.

Жиында Торғай облысының қайта ашылуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Амангелді, Жангелдин аудандары, Арқалық қаласы мен оған қарасты елді-мекендердегі халықтың жағдайын жақсарту мәселелері қаралады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, жол құрылысы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар мен басқа да мәселелер талқыланады делінуде.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңадан құрылатын үш облыстың ашылатынын айтып, соңын ала Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылған болатын. Сол кезде Торғай өңірінің азаматтары бастамашыл топ құрып, осымен екі рет ашылып, екі рет жабылған облысты қайта құру туралы мәселені көтерген еді.  

Облысты қайта ашуға арналған бейбіт митингілер де болған. Олар еліміздің астанасында, Жангелдин, Амангелді аудандары, Арқалық пен Қостанай қалаларында өтті. Осы бейбіт шерулерден кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мамыр айында Арқалықта жергілікті халықпен кездесу өткізетінін айтты. Енді міне, сол кездесу ертең бұрынғы облыс орталығында болады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47