Ұсталған әйелдің бұрын алаяқтығы үшін сотты болғаны анықталды
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бір әйел түрмеде жазасын өтеп жатқан адамның жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның туысынан 300 мың теңге алып, ізін суытқан.
Осы оқиғаны полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды. Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні іздестіріп, тұрғылықты жерінде ұстады. Ұсталған әйелдің бұрын алаяқтығы үшін сотты болғаны анықталды.
Ол әйелді сотталған інісіне қорғаушы жалдап беремін деп алдап, ақша алған. Содан кейін ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Сондай-ақ оның алаяқтық бойынша бұдан басқа тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.