Halyq Uni логотип
×

«Анам 4 баламен, жеңгем 6 баламен жесір қалған»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын еске алды

Ол жақындарының демеуімен балалары үшін бар күшін жинағанын жеткізді.

 Халық үні 27.12.2023 | 07:45
«Анам 4 баламен, жеңгем 6 баламен жесір қалған»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын еске алды
Фото: видеодан алынды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «1001 түн» бағдарламасында марқұм жұбайын еске алып, анасы да, жеңгесі де көп баламен ерте жесір қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол жақындарының демеуімен балалары үшін бар күшін жинағанын жеткізді.

«Қайын жұртым жылынан кейін иығыма ақ орамал жауып, ендігі өмірің ақ болсын деп батасын берді. Мен мықтымын деп өзімді көрсетіп жүргенмен олай емес. Ол үлкен салмақ. Бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқың келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болмады. Жора жолдастарым, мамам, қайын апаларым, қайын ағаларым көмектесіп тұрады. Ол кісі де (анасы - еск.) 49 жасында 4 төрт баламен жесір қалды, әкем қатты ауырды, жеңгем 6 алты баламен қалды. Олардың қасында Қайрекең балаларға керек сәтінде қасында болды. Мықты тәрбие беріп кетті. Қазір қатты айта алмаймын, бірақ «менің ойымша, сенің бұл іс-әрекетің әкеңе ұнамас еді» деп айтамын. Түсіндірудің ең биік жолы - сол. Жинала қояды. Жеңгем алтыншы баласын ағам дүниеден өткеннен кейін төрт күннен кейін дүниеге әкелді. Жеңгемнің мықтылығына қарап, басқа да келіншектердің мықтылығын мойындаймын», - деді ол.

Еске салайық, былтыр 6 қарашада ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, журналист Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.

Қайрат Беркінбаев қоғам қайраткері, «Оқжетпес»  емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама