Halyq Uni логотип
×

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы анасын іздеп жүрген қазақ баласына қатысты жазба жариялады

Әсел Асқарқызы желідегі парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның анасы әлі табылмағанын айтты

 Халық үні 26.12.2023 | 23:01
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы анасын іздеп жүрген қазақ баласына қатысты жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден алынды

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы желідегі парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның анасы әлі табылмағанын айтып, жазба жариялады.

«Көптің сауалына бір жауап: Жәнібектің (Мұраттың) анасы әлі табылған жоқ. Тест нәтижесін күтіп отырмыз», - деп жазды ол.

Бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын хабарлады.

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама