Мамандар Баум тоғайын қалпына келтіру жұмыстары барысын баяндады
Ағаштардың құлауы мен қурауы олардың аурулары мен өсу мерзіміне байланысты
Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары мен сараптамалық қоғамдастық өкілдері баспасөз туры барысында Баум тоғайындағы орманды қалпына келтіру және апатты ағаштарды жоспарлы түрде іріктеп, санитарлық кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын айтып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы «Медеу» МӨТП табиғи экожүйелердің қазіргі экологиялық жай-күйін бағалау және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұсынымдар әзірлеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оған төрт ғылыми-зерттеу институты (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Зоология институты» ШЖҚ РМК, «Қазэкопроект» ЖШС, «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК) қатысты.
Ғалымдардың зерттеулері жасыл кеңістікті түгендеу, Баум тоғайының фаунасын, топырақты зерттеу, табиғи ескерткіштің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірледі. Зерттеу нәтижелері бойынша Баум тоғайының түрлік құрамы мен негізгі зиянкестер және аурулар анықталып, өлген және апатты ағаштардың 6 мың 560 данасы және әлсіреген ағаштардың 1 мың 713 данасы тіркелді.
Ағаштардың құлауы мен қурауы олардың аурулары мен өсу мерзіміне байланысты
Одан бөлек, ғалымдар Баум тоғайында келесі зиянкестерді анықтады: қарағаш шегірткесі (Kyboasca bipunctata), шегіршін шегірткесі (Edwardsiana plebeja orientalis), қарағаш көбелегі (Exaereta ulmi), қараған жалған қалқаны (Parthenolecanium corni Bouche), көктерек қоңызы (Saperda populnea), Калифорния қоңызы (Quadraspidiotus perniciosus Comstock), Шығыс жеміс жемірі (Grapholitha molesta Busck). Бұл зиянкестер жаппай көбейген кезде онсыз да әлсіреген тоғай екпелеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Аурулардың ішінде діңнің шірігі, емен ұнтақты зеңі (Microsphaera alphitoides) және терек жапырағының тоты (Melapsora larici populina) жиі кездеседі.
Мамандардың айтуынша, Баум тоғайындағы көптеген ағаштар зиянкестер мен аурулардың көбеюіне алып келеді, ал бұл жас екпелерге қауіп төндіреді. Сонымен қатар, мұндай ағаштар жел соққанда, жаңбыр жауғанда, өз ауырлығынан құлайды. Бұл келушілер үшін де қауіпсіз емес.
Биыл «Медеу» МӨТП-нің күшімен ҒЗИ қызметкерлері және сарапшыларымен бірлесе отырып, одан әрі орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, авариялық, қурап қалған, құрғақ шыңдалған, аурудан зардап шеккен ағаштарды жоспарлы іріктеп санитарлық кесу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде Баум тоғайында 1 663 апатты ағаш кесілді. Сондай-ақ,, іріктеп санитарлық кесу жұмыстарын 2026 жылға дейін жүргізу жоспарланып отыр, – деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.
Басқарма басшысы атап өткендей, биыл басқарма ағаштардың санитарлық жағдайын дәл анықтау үшін заманауи диагностикалық аппараттар – резистографтар мен томографтар сатып алғанын, олар апатты, зиянкестерден, аурулардан және ауру ағаштарды кесу кезінде пайдаланылатынын атап өтті.
Анықтама үшін, «Баум тоғайы» – өзінің шығу тегі бойынша жасанды түрде құрылған орман алқабы. Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсанындағы қаулысымен қаланың коммуналдық меншігіне («Медеу» МӨТП балансына) берілді.