Ата-аналардың екпеден бас тартуы тағы бір маңызды себеп болып тұр
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойды, деп хабарлады Finprom.
Денсаулық сақтау министрлігінің желтоқсан айының басындағы мәліметі бойынша, Қазақстанда қызылша жұқтыру жиілігі 100 мың адамға шаққанда 88,9-дан асқан. Қазан айының соңында бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 69 жағдайды қамтыған еді.
Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 20,2 мың адамға жетті. Шығыс Қазақстан облысында алты айлық сәби қайтыс болды. Бала әлі екпе жасына жетпегендіктен вакцина алмаған. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі бойынша қазақстандық балалар қызылшаға қарсы бірінші екпені 12-15 айлығында, екіншісін 6 жаста алады.
Биыл Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Ауру жұқтырғандар саны 13,3 мың адамнан асқан «пандемияға дейінгі» 2019 жылмен салыстырғанда, биыл айтарлықтай көп, - деп жазылған хабарламада.
Аймақтар бойынша ауру жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші оңтүстікте – Шымкент қаласында (100 мың тұрғынға шаққанда 258,9) және Жамбыл облысында (194,8) тіркелді. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (100 мың адамға шаққанда 9,8) және Шығыс Қазақстан (12,8) облыстарында байқалды.
Биыл ауырғандардың басым бөлігі – балалар мен жасөспірімдер, олардың үлесі – 84,4%.
Егер пандемияға дейін 2 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға қарсы профилактикалық екпемен қамту 99,2%-ға жетсе, 2020 жылы ол 92,9%-ға дейін төмендеді. Ревакцинациядан өтуге тиіс адамдардың жас бойынша тобында 2019 жылы қамту 97,8%-ды қамтыса, пандемияның екінші жылында бұл көрсеткіш 95,9%-ға дейін төмендеді. Бұл топтың 2020 жылға арналған деректері жарияланған жоқ.
Екпе алмаған балалар санының көбеюі, яғни ата-аналардың екпеден бас тартуы тағы бір маңызды себеп болып тұр. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі – 83,6%.