Алматыда 980 орындық студенттер жатақханасы ашылды

Халық үні

Бүгінгі таңда Жобалық кеңседе 42 452 төсек-орынға арналған 48 жоба бар

фото: ҚБТУ

Бүгін Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің 980 орындық жаңа жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Алматы қаласында 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, оның 124 мыңы басқа өңірлерден (62,3%) келген.

Оқу жылы басталар алдында қаладағы студенттік жатақханаларда 32 мыңнан астам студент тұратын. Төсек-орын тапшылығы 32,7 мың болатын.

ҚР Президентінің тапсырысы бойынша Алматыда жатақхана мәселесін шешу мақсатында үлкен жұмыстар жасалып жатыр.  Осы мәселені шешу үшін Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 12 мың орындық, ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орындық жатақхана салу жоспарланған. Ол дегеніміз қаламыздағы жатақхана мәселесі толық шешіледі деген сөз.  2023 жылдың соңына дейін 3 959 төсек-орынға арналған 15 нысан пайдалануға беріледі. Оның 1 550 төсек-орынға арналған 7 нысан қайта жөндеу жұмыстары арқылы  қыркүйек айында іске қосылды. Осылайша биылғы жылдың жоспарлы көрсеткіші 2 есеге жуық артығымен орындалып, жатақхана тапшылығы 28,7 мың төсек-орынға дейін қысқарды, – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Мендіғалиев.

Айта кетейік, Жұмысты тиімді үйлестіру үшін Алматы қаласында Жобалық кеңсе іске қосылған болатын. Ол қаладағы жатақхана мәселесін жүйелі түрде шешу үшін құрылған.

Біздің жатақханада екі жаңа ғимарат, сыйымдылығы 980 төсек-орын, жалпы ауданы 14.000 ш.м. астам және спорт кешені бар. 10 айдың ішінде біз үлкен жұмыс жасадық. Біз Алматы қаласындағы студенттерге арналған тұрғын үй қажеттілігін толығымен жабатын алғашқы университетпіз, - деді Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Габдуллин.

Бүгінгі таңда Жобалық кеңседе 42 452 төсек-орынға арналған 48 жоба бар. Оның ішінде 33 нысан 38740 төсек-орынға арналған жаңа жатақханалар, 15 нысан  қайта жөндеу жұмыстарынан өтіп, 3712 төсек-орынға арналған  жатақхана ретінде беріледі.