Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың әкесі журналистердің үстінен арызданды
Полиция мұндай арыз түскенін растады
Бұрынғы Мәжіліс депутаты, әйелін қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ІІМ басшысына бірқатар БАҚ үстінен арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, «Гиперборей» арнасына, бірқатар блогерлер мен басқа да БАҚ-тарға шағымданды.
Журналист Вадим Борейконың тұспалдауынша, арыз түсіруге кіші Бишімбаевтың жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деген блогердің болжамы себеп көрінеді.
Полиция мұндай арыз түскенін растады.
Полицияға арыз келіп түсті, қазіргі уақытта ол қарастырылып жатыр, - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі