×

Прагадағы атыс: зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Чехияда 2500-ден аса қазақстандық білім алып жатыр

 Дәурен Ерболат 25.12.2023 | 18:05
Фото: AP/Petr David Josek

Прагадағы атыстан Қазақстан азаматтары зардап шекпеген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Чехияда орташа есеппен 2500-ден аса қазақстандық студент білім алып жатыр. Өкінішке қарай, біз нақты санды айта алмаймыз. Себебі, ол жаққа азаматтарымыз өздері барады, бізге ескертпейді. Біз Чехия билігімен деректерді нақтылаймыз, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл Прагадағы атыстан қазақстандықтар зардап шекпегенін нақтылады.

Қайғылы оқиғадан ешбір Қазақстан азаматы зардап шекпеді. Олар бізден көмек сұраса, біз жәрдесеміз. Консулдық есепте тұрғандарға сол елде сақ болуға кеңес береміз, - деді ол.

Бұған дейін Прагадағы Карл университетінде күдікті бірнеше адамды қырып салғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама