Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды
Сондай-ақ ол ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.
Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан президентінің ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысатыны айтылды.