Halyq Uni логотип
×

Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның шешіміне тыйым салды

Сот футбол ұйымдарының Суперлигаға салған тыйымын заңсыз деп тапты

 Дастан Жұмабекұлы 25.12.2023 | 17:03
Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның шешіміне тыйым салды
Фото: by.tribuna.com

Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның Суперлигаға салған тыйымын заңсыз деп тапты. Екі ұйым да Еуропаның бірнеше жетекші футбол клубтарына 2021 жылы жаңа турнир ұйымдастыруға тыйым салған болатын.

Сот өз үкімінде ФИФА мен УЕФА салған тыйым Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасына қайшы келеді деген шешім шығарды. Өйткені бұл екі футбол ұйымының Еуропадағы клубтар арасында жарыс өткізуге айрықша құқығы жоқ.

Алайда сот бұйрығында Суперлиганы құруды мақұлдау керектігі айтылмаған. Бірақ ФИФА мен УЕФА ұйымдарына өзгерістерге дайын және ашық болуға кеңес берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама