Еліміздің 2 облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 309 техника жұмыс істеп жатыр
25 желтоқсанда сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақмола облысында 1 учаске:
- Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
Павлодар облысында 1 учаске:
- Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 309 техника жұмыс істеп жатыр.