×

Украинада алғаш рет Ресейдің сарбазы сотталды (ВИДЕО)

Ол 62 жастағы адамды басынан атып өлтірген

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2022 | 11:52
фото: zn.ua

Украинаның соты Ресей әскерінің сержанты Вадим Шишимаринді өмір бойы бас бостандығынан айырды. ⠀

Ол бейбіт тұрғынды қасақана өлтіріп, заң мен соғыс дәстүрін бұзғанын мойындады. Ресейдің 21 жастағы солдаты 28 ақпан күні велосипед теуіп, телефонмен сөйлесіп бара жатқан 62 жастағы кісіні басынан атып өлтірген. Оқиға Сумск облысы, Чупаховка кентінде болған.

Бұған дейін Украина прокуратурасы да Мәскеу облысының Кантемировск танк дивизиясының 21 жастағы бөлім командирін өмір бойына түрмеге қамауды сұраған.

Соттың соңғы отырысында Шишимарин кінәсін мойындап, жасаған әрекеттерін айтып беруге келіскен. Сотта ол «Қарусыз адамды неге аттың?» деген судьялардың сұрағына «өлтіргісі келмегенін, өзінен аулақ жүру үшін ғана атқанын» айтқан.

Маған прапорщик Макеев атып таста деп бұйрық берді. Мен бас тарттым. Тағы бір әскери қызметкер атып таста деп өктем дауыспен бұйырды. «Әйтпесе, бізді сатып кетесің», деді. Содан соң аттым, - деп жауап берді ол.

Сот процесінде қаза тапқан адамның жесірі Екатерина Шелипова сержантты өмір бойына бостандығынан айыруды сұраған.  

Бірақ «Азовсталь» зауытын қорғаған Украина жауынгерлеріне айырбастаса қарсы болмаймын, - деді ол.

Вадим Шишимарин ісі – Ресей Украинаға басып кіргелі бері РФ әскерилерінің қылмысына қатысты болған  алғаш сот процесі.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама