Halyq Uni логотип
×

«Артында 2 баласы қалды»: Көкшетауда айы-күні жақындаған әйел қайтыс болды

Желі қолданушыларының бірі марқұм небәрі 34 жаста екенін жазды.

 Халық үні 25.12.2023 | 08:46
«Артында 2 баласы қалды»: Көкшетауда айы-күні жақындаған әйел қайтыс болды
фото: Halyq Uni

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Тіпті әйелді бірнеше рет жедел жәрдем алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz 716.kz-ке сілтеме жасап. 

Нәрестені де құтқару мүмкін болмаған. Марқұмның артында екі баласы қалды. Әйел қаланың емханаларының бірінде есепте тұрған.

Желі қолданушыларының бірі марқұм небәрі 34 жаста екенін жазды.

«Ауруханалар (перзентхана!!!) жүкті әйелді неге қабылдамайтын түсінбеймін!!! Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ, мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр! Небәрі 34 жастағы әйел», - деп жазды ол.

«Перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамған, қалаға, қала облысқа, ал облыс қайтадан қалаға жіберген. ...Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бірден екеуін жоғалту өте қиын әрі қорқынышты», - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама