14 өңірде ескерту жарияланды

Халық үні

Астанада 25 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі

Фото: Tengrinews.kz

Астанада 25 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Атырау қаласында 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 25 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертң тұман күтіледі.

25 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 18 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 25 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 25 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында 25 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

25 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 25 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 25 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

25 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 25 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 25 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 25 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Көкшетау қаласында 25 желтоқсанда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

25 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 25 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.