Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі
Метеорологтар ауа райының қолайсыздығына байланысты 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 24-25 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.
24 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, өңірдегі жолдарда, сондай-ақ Көкшетау қаласында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
24 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігінде, кей уақыттарда Атырау қаласында тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
24 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел тұрып, күші 15-20, күндіз 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
24 желтоқсан күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, кей уақыттарда Орал қаласында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, сонымен қатар Орал қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Бұдан бөлек, өңірде жел тұрып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
24 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
24 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында және Ақтау қаласында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
24 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және облыстың басым бөлігінде жолдарда, сондай-ақ Петропавл қаласында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында және Петропавл қаласында тұман күтіледі.
24 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Сонымен қатар облыс аумағында жел тұрып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
24 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оған қоса, өңірде жел тұрып, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
23 желтоқсанның сағат 21.00-ден 24 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
24 желтоқсанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында тұман күтіледі.
24 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және Қостанай қаласында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында және Қостанай қаласында тұман күтіледі.
24 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында және Түркістан, Шымкент қалаларында күші 15-20 м/с болатын жел тұрады.
24 желтоқсанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.