Еліміздің 4 облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді
Автожолдарда 167 техника жұмыс істеп жатыр.
22 желтоқсан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақмола облысында 7 учаске
- «Екатеринбург – Алматы» автожолында 917-1230 шақырым, Жақсы ауылынан Қажымұқан аулына дейінгі аралық — 313 шақырым;
- «Қостанай – Әуликөл – Сұрған» автожолында 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін — 28 шақырым;
- «Жезқазған – Петропавл» автожолында 536-552 шақырым, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейінгі аралық — 16 шақырымм;
- «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолында — 82 шақырым;
- «Көкшетау – Атбасар» автожолында 47-184 шақырым, Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін — 137 шақырым;
- «Астана – Қорғалжын» автожолында 19-124 шақырым;
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолында 37-51 шақырым, Қабанбай батыр аулынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 шақырым;
Жетісу облысында 1 учаске
«Үшарал – Достык» 84-184 шақырым, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейнгі аралық – 100 шақырым.
Қарағанды облысында 1 учаске
«Астана-Қабанбай батыр- Нұра-Теміртау» автожолында 51-101 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейінгі аралық — 50 шақырым.
Қостанай облысында 1 учаске
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 шақырым, Октябрьское аулынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 шақырым.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (боран, шектеулі көрініс).
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 167 техника жұмыс істеп жатыр.