Алматыдағы ықшамаудандарда 3 жаңа саябақ салу көзделуде
Екі жылдың ішінде Алматыдағы саябақтардың ауданы 400 гектарға ұлғайды, деп хабарлады қала басшысы Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.
Алматыдағы ықшамаудандарда 3 жаңа саябақ салу көзделуде. Өжет, Кемел және Боралдай өзенінің бойында, сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағын — Баум тоғайын, ҚР Тұңғыш Президенті саябағын, Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңарту және абаттандыру жоспарда бар.
Қала басшысы атап өткендей, 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 гектарға 977 гектарға дейін кеңейтіліп, 2024 жылы 1 080 гектарға дейін ұлғайтылмақ.
Биыл ауданы 64,8 га 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды: Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың Даңқ алаңы.
Соңғы 50 жылдың э ішінде алғаш рет Сайран көлін механикалық тазарту жүргізіліп, оның жағасында жаңа жасыл қоғамдық кеңістіктің құрылысы басталды. Жоспар бойынша бұл қоғамдық кеңістік халықтың пайдалануына 2025 жылы беріледі.