×

Түркияда арнайы әскери операция басталғалы жатыр

Бұл мәлімдеме Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген кезінде жасалды

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 11:05
фото: politobzor.net

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік шекараларында жаңа әскери операциялар дайындап жатқанын мәлімдеді.

Анкара бұл опреацияны жақын маңдағы аймақтардан келетін «лаңкестік қауіптерге қарсы тұратын» 30 шақырымдық қауіпсіз аймақтар құру үшін оңтүстік шекараларында бастамақ.

Негізгі мақсаты біздің елге шабуыл жасау орталығы болып табылатын аудандар және қауіпсіз аймақтар болады. Әскери, барлау және қауіпсіздік күштері дайындықтарын аяқтағаннан кейін операция басталады, - деді Ердоған.

Ал REUTERS агенттігі шабуылдар Сирияның солтүстігіне қайта бағытталады деп болжап отыр. Өйткені онда 2016 жылдан бастап Түркия күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын» (Күрдістан жұмысшы партиясының Қарулы сириялық филиалы) құлату үшін бірнеше әскери операциялар жүргізген.

Бұл ретте «Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары» 2014 жылдан бастап күрдтер басқаратын коалиция – Сирия демократиялық күштерін (СДС) құруға көмектескен. Оған АҚШ ДАИШ-қа (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қарсы күресте үлкен сенім артады.

Айта кетсек, Ердоғанның мәлімдемесі Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына қарсылық білдірген кезінде жасалды. Анкара бұл елдерді PKK тобына қатысы бар адамдарды, сондай-ақ 2016 жылғы төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыпталған Фетхуллаһ Гүленді паналатып жатыр деп айыптайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама