Бүгін дзюдошылар ақшалай сыйлық алды
Азиаданың жүлдегері Әбиба Абужақынова 5 000 АҚШ долларына ие болды
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы кезекті спорт маусымды қорытындылап, спортшыларды марапаттады.
Жиынға федерация президенті Қуанышбек Есекеев, ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты, деп хабарлады Дзюдо федерациясы.
Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Абужақынова – 5 000 АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин – 3 000$, Эсмигүл Куюлова – 3 000$, Абылайхан Жұбаназар – 3 000$, Нұрлыхан Шархан – 3000 доллар алды.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали – 1500$, Талғат Орынбасар – 1500$, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев – 1 000 000 теңге, Балғабай Досбол – 400 000 теңге, Сабина Юлдашбекова – 500 000 теңге, Оралбек Байзақ – 400 000 теңге, Берікбол Жұманбеков – 400 000 теңге мөлшеріндегі сертификаттарға ие болды.