×

WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттарды жариялады

Тізімде жарыс кезінде және одан тыс уақытта мүлде қолдануға болмайтын заттар көрсетілген

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2023 | 14:03
Фото: caribbean.loopnews.com

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және жаңа редакциядағы халықаралық стандарттар, сондай-ақ білім беру жөніндегі халықаралық стандарт күшіне енді. Бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Білім беру жөніндегі халықаралық талаптың негізгі қағидасы – спортшы тестілеу арқылы емес, білім беру арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға және спортшылар мен басқа адамдардың допинг қолдануын болдырмауға көмектесуге бағытталған.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2024 жылы тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімін жариялады. 

Тыйым салынған тізім WADA кодексіне қол қойған барлық адамдар үшін міндетті халықаралық стандарттардың бірі болып саналады. Тізімде жарыс кезінде және одан тыс уақытта қолдануға тыйым салынған, сондай-ақ нақты спорт түрлерінде тыйым салынған заттар көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама