Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Қытай су бөлу мәселесін шешіп жатыр

Бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2023 | 11:22
Қазақстан мен Қытай су бөлу мәселесін шешіп жатыр
фото: bangkokbook.ru

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазақстанның мүддесін жұмыс тобына кіретін 20 адам қорғайды.

Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі келісімінің бірқатар бабы бойынша ортақ шешімге келген.

Қазақстан мен Қытайға ортақ Қорғас өзені бар. Екі мемлекетті бөліп ағатын өзеннің бойында Қытаймен бірлесіп ортақ гидротехникалық нысан салдық. Оның жұмысы 100% автоматтандырылған және шлюздері су шекара сызығының екі жағына бірдей ағатындай етіп жасалған, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оның айтуынша, бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады.

Осындай үлгіде Сүмбе өзенінің бойындағы нысанға реконструкция жасалған. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Ұласты деген өзенде де екі тарапқа ортақ нысан салу туралы келісім бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама