Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін
Еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды ауа ағынының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республиканың қалған бөлігіне жауын-шашын жаумайды. Алайда кей өңірде тұман, көктайғақ және жел соғып, солтүстікте боран болады деп болжанып отыр.
Таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында желдің күші 30 м/с-ке жетуі мүмкін.