Halyq Uni логотип
×

Атыраулық әйелдің күйеу баласын не себепті өлтіргені белгілі болды

Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады

 Халық үні 21.12.2023 | 23:39
Атыраулық әйелдің күйеу баласын не себепті өлтіргені белгілі болды
фото: mgazeta.com

Атырау облысында күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Қанды қылмыс Құлсары қаласында болған. Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақ сұғып алған.

Телеарнаның хабарлауынша, суық қарудан 27 жастағы жігіт тіл тартпай кеткен. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған екен. Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік қамауға алынған.

Пышақ сілтеген енесі қызын қорғау үшін осындай қадамға барды деген болжам бар. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды. Қаза тапқан азаматтың әйелінен және көршілерінен, барлығынан жауап алынып, қылмыс құрамы тергеліп жатыр, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама