Ауруханаға үш адам жүгінген
Қарағанды облысында тәртіп сақшылары Қарқаралы қаласында адамдарға шапқан қасқырды өлтірді. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.
Жүргізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қарқаралы қаласының тұрғындарына шапқан (салдарынан адамдар дене жарақатын алған) қасқырды тауып, жойды, - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Қарқаралы қаласында адамдарға қасқыр шапқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алдымен зардап шеккен екі адам, содан кейін үш адам туралы хабар тарады.
Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жағдайға түсінік берген болатын. Ауруханаға үш адам жүгінген, оларға құтыруға қарсы препараттар енгізілген, үшеуі де амбулаториялық емдеуге жіберілген.