Әділет министрлігі қымызды неге патенттеуге болмайтынын түсіндірді

Еркеғали Болатұлы

Оны тек Қазақстанға ғана тән деп айту орынсыз болады, - деді ресми өкіл

фото: Бауыржан Жуасбаев

Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеу мүмкін емес. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

«Ұлттық өтінім берушілеріміз де дәстүрлі өнімдерге, соның ішінде шұбат, құрт, қазы, ет қамыры және тағы басқалары бойынша соңғы технологияларды патенттеп алды. Қымызды тек қазақстандық сусын деп патенттеп алу мүмкін емес.

Бұған дейін Алматының апортын «географиялық көрсеткіш» ретінде шығу тегі Алматы екендігін бекітіп алғанымызды айтқан едік. Яғни, апорттың Алматы төңірегінде өсетіндігін растауға болады. Ал биенің сүті, қымызы әлемде өндірілетін өнім болғандықтан, оны тек Қазақстанға ғана тән деп айту орынсыз болады, - деді Талғат Уәли елордада өткен брифингте.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол Германияда қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана патент бар екенін айтқан болатын.