Болашақта ол тиімді пайдалану үшін мұқтаж жандарға табысталатын болады
Атырау облысында мемлекетке құны 170 млн теңгеден асатын жер қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жылыой ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жер учаскелерін қайтару бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді.
«Жана-Тан» ЖШС-ның осы санаттағы жер учаскелерінің игерілмегені және ұзақ уақыт бойы (2020 жылдан бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 млн 17 мың 800 теңге болатын 79 мың 99 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Болашақта ол тиімді пайдалану үшін мұқтаж жандарға табысталатын болады