Halyq Uni логотип
×

Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды

Қалада жол-көлік оқиғалары санының төмендеуі байқалады

 Динара Амантай 21.12.2023 | 16:13
Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі толыққанды енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Ерболат Досаев бүгінде 18,4 мың бейнекамера шығарылғанын айтқан. Жыл соңына дейін мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі аясында қосымша 21 мың бейнекамера шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ әкім жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» зияткерлік қауіпсіздік жүйесі 575 аппараттық-бағдарламалық кешенге кеңейтілгенін жеткізді.

Маңызды нәтиже – жол-көлік оқиғалары санының 28% және онда қаза тапқандар санының 48% төмендеуі. Бұл ретте айыппұл түрінде қала бюджетіне 8,8 млрд теңге түскенін айта кету керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама