×

Зеленский мен Путин 2022 жылғы ең ықпалды адамдардың тізіміне енді

Time журналы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путинді ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты

 Халық үні 24.05.2022 | 02:19
Фото: tengrinews.kz

Америкалық басылымының тілшілері салалық сарапшылармен бірге жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін жасады. Тізім алты санатқа бөлінген. Олар – «Титандар», «Жаңашылдар», «Әртістер», «Көшбасшылар», «Пионерлер» және «Кумирлер».

«Көшбасшылар» аталымында Украина президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путин, Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен, АҚШ президенті Джо Байден, Германия канцлері Олаф Шольц және Оңтүстік Корея басшысы Юн Сок Ель кірген.

Time анықтаған жылдың ең ықпалды адамдарының толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама